Жүгіру жолы
Кіру
AA+
+7 (72 644) 6-06-76; 87775121720
+7 (72 644) 6-06-76
+7 (777) 512 1720
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша

ЖШС «АНЖЕЛИКА МЕКТЕП-БАЛАБАҚША» мектепке дейінгі ұйымы әдіскері қызметінің
2025 - 2026 оқу жылына арналған циклограммасы

Қыркұйек

 

Іс-шаралардың атауы

1-апта

2-апта

3-апта

4-апта

Қыркүйек

Аптаның дәйексөздері

«Білім - теңіз, түбі де,
шегі де жоқ».
Жүсіп Баласағұн

«Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап».
Абай Құнанбайұлы

«Еңбек шыққан жерден төзім де шығады».
Мұхтар Әуезов

«Көп еңбек еткенге
бақыт басын иеді».
Леонардо да Винчи

МДҰ қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

ҚР мектепке дейінгі
ұйымдары
мен мектепалды
сыныптарында
2025-2026 оқу жылына арналған
тәрбие-білім беру
процесін
ұйымдастыру бойынша
нұсқаулық-әдістемелік
хатымен танысу.
https://irrd.kz/sites/irrd.kz/
uploads
/docs/2025/08/d-k25.pdf

Білім беру ұйымдарында
«Адал азамат» біртұтас тә
тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша оқыту семинарымен
танысу және өткізу,
ҚР ОАМ 2025 жылғы
26 мамырдағы
№123-бұйрығы.

МББ МЖМБС
талаптарына сәйкес
заттық-кеңістіктік
дамытушы ортаны
ұйымдастыру.

Білім беруұйымдары
педагогтерінің кәсіби
стандартымен танысу
https://adilet.zan.kz/
kaz/docs/G25HP000031

Педагогтермен жұмыс

1.«Аптаның дәйексөздері». Дәйексөздерді ақпараттық
стендтер, Led-экрандар,
теледидар арқылы көрсету, мнемокестелерге орналастыру
(апта сайынғы іс-шара),
материалдарды түсіндіру және
дайындау.
2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары педагогтерінің жүргізуі міндетті құжаттардың тізбесі https://adilet.zan.kz/kaz/
docs/V2000020317

1. Тәрбиешілерге балалардың дамуының бастапқы
мониторингін дайындауға және жүргізуге әдістемелік көмек
көрсету.
2. Тәрбиешілерден
«Инновацияларды игеруге
кедергі келтіретін бөгеттер»
атты сауалнама алуды
ұйымдастыру.

Балалардың білім беру
ұйымдарында және олардың
аумағында болған кезінде
жазатайым
оқиғалардың алдын алу
ережелерін зерделеу,
сондай-ақ тұрмыстық,
техногендік, жолдағы жарақаттанушылықтың
алдын алу. https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads
/docs/2024/03/doc_04ru.pdf

Білім беру процесінің
әртүрлі аспектілері
бойынша әдістемелік
ұсыныстар әзірлеу
және ұсыну.

Педагогикалық кадрларды аттестаттау

Әдіскердің аттестатталатын педагогтермен жұмыс жоспарын құруы;
- аттестатталатын
педагогтердің ҰІӘ қатысу кестесі; аттестатталатын педагогтердің өтініштері;
- 5 жылда педагогтерді аттестаттау кестесін құрау;
- аттестатталатын
педагогтердің деректер банкі;
- аттестаттау комиссиясы отырыстарының
хаттамаларын жүргізу.

Әдістемелік нұсқауларды зерделеу
бойынша оқыту семинарын өткізу,
мектепке дейінгі ұйымдардың
педагогтерін аттестаттаудан өткізу.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317

 

Аттестатталатын
педагогтерге
«Қызмет нәтижелерін
кешенді
түрде талдамалық
жалпылау» тақырыбына
арналған
консультация.

Жас және жаңадан келген мамандармен жұмысты ұйыдастыру

Жаңа оқу жылына жас және жаңа мамандармен жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту.
Жас және жаңадан келген мұғалімдерге тәлімгерлерді анықтау.

Құжаттаманы жасау бойынша консультациялар өткізу:
- перспективалық жоспарлау;
- циклограмма;
- баланың даму карталары.
Мектепке дейінгі ұйымдарда таңертеңгі гимнастиканы бақылау парағын құрастыру.
https://bilimkids.kz/ru/
methodical/1735?l=64&l=113

Мектепке дейінгі
ұйымда серуендібақылау парағын құрастыру.
https://bilimkids.kz/ru/
methodical/2405?l=64&l=113

Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған
іс-әрекетті бақылау парағын құрастыру.
https://bilimkids.kz/r
u/methodical/2406?l=64&l=113

Педагогикалық кеңес

 

 

 

 

Әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастыру

№1-отырыс. 

Тақырыбы: «Әдістемелік қызметтің жұмысын ұйымдастыру».
Күн тәртібі:
1. МДҰ педагогтерінің кәсіби жетістіктерін анықтау, зерделеу, жалпылау жоспарын қарау және бекіту:
-педагогтердің жетістіктерін мониторингтеу нысандары мен әдістерін талқылау;
- жауапты тұлғаларды анықтау;
- материалдарды ұсыну мерзімдері мен нысандарын бекіту.
2.Жаңадан бастаған педагогтермен жұмысты жоспарлау.
Тәлімгерлік:
- жас мамандарды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және бекіту;
- тәлімгерлік сызбасын талқылау және бекіту;
- тәлімгерлерді тағайындау.
3.МДҰ базасында өткізілетін конкурстардың ережелерін қарау:
- жоспарланған кәсіби және балалар конкурстарының тізбесімен танысу;
- қатысу шарттарын, бағалау өлшемшарттарын және өткізу мерзімдерін талқылау;
- ұсыныстар енгізу, ережелерді бекіту.

1.Педагогикалық
жалпыға бірдей оқыту:
«Адал азамат» біртұтас
тәрбие бағдарламасы
аясында мектепке дейінгі
ұйымда патриоттық
тәрбие беруді ұйымдастыру».
2.Күнделікті негізде ұйымдастырылатын
іс-шара: «Менің Қазақстаным» - мемлекеттік
мерекелерге арналған
ертеңгіліктерде ересек және
мектепалды топтардың/мектепалды
сыныптардың тәрбиеленушілерінің
Қазақстан Республикасының
Гимнін орындауы.

«Кірерде» жас
мамандардан сауалнама алу.
Кәсіби қажеттіліктері
мен жұмыста кездесетін қиындықтарын анықтау үшін тәрбиешілерден
сауалнама алу және жеке
әңгімелесу жүргізу.

Жақсартуды немесе
жаңартуды қажет ететін
салаларды анықтау үшін тәрбиешілер
пайдаланатын ағымдағы
білім беру
бағдарламалары
мен материалдарын
бағалау.

Құзыреттілік орталықтары мен шығармашылық топтардың жұмысы (эксперименттер)

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі,
орта, техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын
мектепке дейінгі білім беру деңгейінде іске асыру үшін материал әзірлеу.

Бақылау және басшылық

Жедел
1. МДҰ-ғы жазғы сауықтыру жұмысын талдау.
2.Балалардың өмірін, денсаулығын және қауіпсіздігін қорғау:
- МДҰ-ғы тәрбиеленушілерді бейімдеу:
- тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі талаптарды орындау;
- қауіпсіздік техникасы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
- күн режимінде сауықтыру іс-шараларын өткізу;
- сырқаттанушылықты талдау және балаларды медициналық тексеру нәтижелері.

1. «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №570 бұйрығына сәйкес ҰБДҚ деректерін толтыру және өзгерту.
2.Күн тәртібін сақтау (балаларды қабылдау, серуендеу, таңғы гимнастика).

1. Режимдік сәттер
барысында тәрбие-білім
беру процесінің циклограммасын тексеру (топ тәрбиешілері,
музыкалық жетекші, қазақ тілі мұғалімі, дене шынықт. ж.н.).
2. Ағымдағы бақылау: топтарды аралау, ұйымдастырушылық мәселелер.

Тәрбиеленушілердің
мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруіне мониторинг жүргізу
(бастапқы)

Семинарлар, жобалар және интербелсенді дәрістер

МББ МЖМБС сәйкес МДҰ-да тәрбие-білім беру процесін жоспарлаудың заманауи тәсілдері.

Педагогикалық жалпыға бірдей оқыту: «Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу тәсілдерінің бірлігі: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу практикасы.

Жобалау қызметін енгізу бойынша оқытуды ұйымдастыру.
Жобалар аясында балалар кітапханасы:
«Бір кітап», «Кітап - менің қазынам», «Жас тыңдаушы».

Мектепке дейінгі білім беру тақырыбындағы семинар
(таңдауға қарай).

Педагогтерге кеңес беру

Педагогтерге арналған кеңес беру:
МДҰ-ғы интербелсенді және цифрлық технологиялар:
- интербелсенді тақталар
мен планшеттерді пайдалану;
- балаларға арналған білім
беру бағдарламалары мен қосымшалары;
- интернеттегі қауіпсіздік
және цифрлық сауаттылық.

Ересек және мектепалды топ тәрбиешілерінің тәжірибесіне балаларда ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудың заманауи әдістерін енгізу.

Педагогикалық марафон:
- педагогтердің бір-бірінің ҰІӘ қатысуларын ұйымдастыру
және т.б.

Баланың даму
мониторингін жүргізу (педагогикалық
іс-әрекеттердің тиімділігін бағалаумен байланысты
және оларды одан әрі жоспарлаудың негізінде
жатқан баланың жеке
дамуын бағалау).

Балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары

Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспары.
«Ұлттық ойындар - ұлт қазынасы»: ұлттық ойындармен танысу (күнделікті).

Таза ауада белсенді ойындар ұйымдастыру:
- аулада қозғалмалы ойындар мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
- саябақтарға, ормандарға, табиғат аясына серуендеу және экскурсиялар.
2.Барлық топтарда «Ойындар әлемінде» спорттық мерекесін өткізу.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дене шынықтыру бойынша ҰІӘ өткізу.

Йога, би және басқа
да белсенділіктерді
ұйымдастыру және күн
тәртібіне қосу.

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі іс-шаралар

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша педагогтермен жоспарлы нұсқама жүргізу.

 

Мектепке дейінгі
ұйым қызметкерлерін тәрбиеленушілердің
өмірі мен денсаулығын
қорғау, балалар жарақатының
алдын алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттармен
таныстыру.

 

 

 

«Өнегелі 15 минут» әңгімелесу циклін ұйымдастыру.

Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде ересектер мен балалардың еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Танысу және сенім.
Тақырыбы: «Мен кіммін? Сен кімсің?»
Мақсаты: балаларға ашылуға, жақынырақ танысуға, сенім атмосферасын құруға көмектесу.
Міндеттер: бір-бірімен танысу, өздерінің қызығушылықтары мен әуестенетін істері туралы бір-біріне айту.

Эмоциялар мен сезімдер.
Тақырыбы: «Мен өзімді қалай сезінемін?»
Мақсаты: балаларға өз эмоцияларын анықтауды және білдіруді үйрету.
Міндеттер: әртүрлі сезімдерді (қуаныш, мұң, қорқыныш) сөзбен және мінез-құлықпен қалай білдіруге болатынын талқылау.

Достық жәнеқарым-қатынас.
Тақырыбы: «Досболу деген нені білдіреді?»
Мақсаты: достықтың маңыздылығын және достармен қалай араласу керектігін талқылау.
Міндеттер: достық қарым-қатынасты қалай құру керектігін, қақтығыстарды қалай шешуге болатынын талқылау.

Туған өлке жәнедәстүрлер.
Тақырыбы: «Менің туған
өлкем».
Мақсаты: өз өлкесіне,
оның дәстүрлері мен
мәдениетіне деген
сүйіспеншілік пен
қызығушылықты дамыту.
Міндеттер: жергілікті әдет-ғұрыптарды талқылау,
маңызды орындар мен
оқиғалар туралы әңгімелеу.

Ата-аналармен жұмыс

1.Ата-аналармен шарт жасасу (заңды өкілдерімен).
2.МДҰ сайтында
«Сұрақ-жауап» айдарын ашу.
3. 1 қыркүйек - Білім күні.
Балабақшаға саяхат (іштей, виртуалды).

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оның ішінде әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook, Telegram) МДҰ сайты арқылы консультациялық пунктінің
жұмысы басталғаны туралы ақпараттық стенд.

Топтық жиналыстар өткізуге дайындық.
Топтардағы №1-жиналыс (кіріспе).
Күн тәртібі
1.«Өткен оқу жылындағы жұмысты талдау».
2.Ата-аналарды МДҰ-ның
20__ - 20__ оқу жылына
арналған жылдық жоспарымен таныстыру.
3.Ата-аналар комитетін сайлау.
4. Әртүрлі.

1. Мектепке дейінгі
ұйымның сайтында
онлайн-консультациялар, әдістемелік материалдарға
қолжеткізумен қоса
«Виртуалды
консультациялық
пунктінің» ашылуы.
2.Ата-аналар мен
балалардың МДҰ бару
кестесін әзірлеу
(МДҰ бармайтын
балалар үшін Ашық есік
күні). «Балабақша мен
отбасы: бірге өсеміз!»
3.Қамқоршылық
кеңестің №1-отырысы.
Тақырыбы:
«Қолданыстағы
заңнама жағдайындағы
мектепке дейінгі ұйым».
Күн тәртібі
1.Қамқоршылық
кеңестің міндеттері
және функцияларымен
танысу.
2.Міндеттерді бөлу,
төраға мен хатшыны
сайлау.
3. МДҰ қамқоршылық
кеңесінің 20__- 20__ оқу
жылына арналған жұмыс жоспарын қарау және
бекіту.
4. «20__ - 20__ жылғы оқу
жылына дайындық қорытындылары» атты
жария баяндама.

Көрмелер, конкурстар, мерекелер, экскурсиялар, жобалық іс-әрекет

Балабақша ішіне
«Балабақша - жайлы үй»
атты виртуалды экскурсия.
Қазақстан халқы тілдері
күнін өткізу (5 қыркүйек)
«Тілім - менің тірегім»
мәнерлеп оқу конкурсы.

«Қыркүйек -
еңбекқорлық және
кәсіби біліктілік айы»
атты айлық өткізу.
Күз сыйлары:
- күзгі мол өнімге,
көкөністер мен жемістерге
арналған жұмыстар;
- табиғи материалдардан композициялар жасау;
- ата-аналармен бірлескен жұмыстардың эко/фотокөрмесі «Табиғаттың сүйкімділігі», «Табиғаттағы бір күн» және т.б.

Экологиялық десант

Орманға, саябаққа,
хайуанаттар бағына
және т.б. экскурсиялар.