Жүгіру жолы
Кіру
AA+
+7 (72 644) 6-06-76; 87775121720
+7 (72 644) 6-06-76
+7 (777) 512 1720
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша

Саусақтармен орындалатын сергіту сәттері үлгісі

 

«Алма бағы»

Алма баққа барайық (Екі саусақ ұшымен жүру),

Алма жинап алайық (Алма тергендей қимыл көрсету).

Қол жетпесе алмаға (Қолды жоғарыға созу),

Секіріп қол созайық.

Ең үлкенін дәмдісін (Саусақтарды ауада үлкен етіп дөңгелету),

Әжемізге сыйлайық (Табыс ету).

 

«Он саусақ»

Жалғыз саусақ тіпті де (сұқ саусақты ашып жұмамыз),

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті (бас бармақ пен сұқ саусақты қосамыз),

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды (бас бармақ пен сұқ саусақты және ортаңғыны қосып қимыл жасаймыз),

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ (он саусақты көрсетеміз)!

Қала салсақ, жол салсақ (қолымызды алға қарай созамыз).

 

«Моншақ»

Саны болар оншақты,

Шашып алдым моншақты.

Шымшып, теріп аламын,

Қорабына саламын.

(Саусақтармен моншақтың санын көрсету. Бір қолмен саусақтарды түйістіріп, «шашылған моншақтарды» екінші қолмен жинау)

 

«Үй»

Қазықтарды қададым,

Кірпіштерді қаладым.

Салып алып үлкен үй,

Сүйсініп көп қарадым.

(Екі қолдың саусақтарын түзу ұстап, бір-бірінің үстіне қойып, кірпіш қалағандай қимыл жасау. Екі қолдағы кішкентай саусақтар мен бас бармақтарды бүгу, қалған саусақтарды бір-біріне тигізіп, үй жасау).

 

«Ара»

Ара гүлден гүлге ұшып,

Бал жинауға асығады.

Аю ұрлап кетпесін деп,

Ұясына жасырады.

(Алақандарын жазып, араның қанатын келтіреді. Сұқ саусақ пен ортан терек саусақты аюдың аяғы деп үстел бетінде жүргізу.)

 

«Тордағы құс»

Обал жасап құстарға,

Торға қамап ұстама!

Құс боп неге жаралды,

Еркін самғап ұшпаса?

(Екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, құстың торын жаса. Қолдарын айқастырып, қолың қанатын жасайды)